Алматы облысында ауыл тұрғыны аутизммен ауыратын 11 жастағы баланы өлтіргенін мойындады. Оқиға 2 қарашада Ескелді ауданындағы шымыр ауылында болған. Tengrinews.kz тілшісі баланың отбасына барып, жантүршігерлік оқиғаның мән-жайын білді. 24 жастағы жігіт қазіргі уақытта ұсталған, ол өз кінәсін мойындаған.
Алматы облысында ауыл тұрғыны аутизммен ауыратын 11 жастағы баланы өлтіргенін мойындады. Оқиға 2 қарашада Ескелді ауданындағы шымыр ауылында болған. Tengrinews.kz тілшісі баланың отбасына барып, жантүршігерлік оқиғаның мән-жайын білді. 24 жастағы жігіт қазіргі уақытта ұсталған, ол өз кінәсін мойындаған.
Шымыр ауылының 11 жастағы тұрғыны бастапқыда жоғалып кеткен. Оның ата-анасы полицияға хабар береді. Келесі күні ауыл маңынан баланың денесі табылған. Оның денесінде көптеген жарақат болған.
"24 жастағы күдікті, ауылдасы ұсталды, кінәсін мойындады. Тергеу Алматы облыстық ІІД-нің бақылауына алынды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. Оқиғаның мән-жайы хабарланбады.
Tengrinews.kz тілшісі өлтірілген баланың отбасымен әңгімелесті. Туыстарының айтуынша, күдікті мұның алдында бұл отбасыға тыныштық бермеген. Баланың әжесінің айтуынша, күдікті баланың анасының көңілдесі болыпты.
Баланың отбасы тұратын үй. © Tengrinews.kz
"Бірінші қарашада болды. Күні бойы балаларымның қасында болдым. Балам келініммен бірге егістікте болды. Кешке қарай олар келгенде шаршадым деп, өз үйіме қайтып кеттім. Олар үйінде қалып, кешкі ас ішкен, кейін әпкесінің үйіне қонаққа барған (...) Бала үйде қалған. Ата-анасы әпкесінің үйінде ұзақ отырып қалған, себебі сол күні оның туған күні болған (...) Бұдан кейін балам мен келінім үйге оралғанда, есіктің ашық тұрғанын байқапты. Дәліздің жарығы жанып тұрған. Еденде айыр жатқан", - деді Любовь Адилова.
Любовь Адилова. © Tengrinews.kz
Әйел немересінің денесін келесі күні бірақ тапқан. Адилованың айтуынша, қылмыстың алдын алуға мүмкіндік болған.
"Бұл жігіт балам мен келініме тыныштық бермеді. Бұдан ертеректе балам мен келінім ұрысып қалып, сосын балам Астанаға нәпақа табуға кеткен. Осы уақытта келінім мына бір жігітпен көңіл қосты. Біраз уақыттан кейін келінім баламмен татуласып, қайта қосылған. Содан бері күдікті баламның отбасына тыныштық бермеді. Үйдің терезесін сындырып кетті, жігіттерімен келіп, төбелес шығарып кететін. Келінімді де, баламды да ұрып-соққан. Міне, енді немереме де жетіп отыр", - дейді марқұм баланың әжесі.
Ал Ескелді аудандық ІІБ-нің мәліметінше, тергеу шаралары жүріп жатыр. Күдікті аутист баланы қалай өлтіргеніне дейін көрсетіп беріпті.