Алматы облысының полицейлері 36 жастағы ер адамды әйелдерге қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен қамауға алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысының полицейлері 36 жастағы ер адамды әйелдерге қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен қамауға алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта оған екі әйелге шабуыл жасады деген айып тағылған, олардың біреуін тонаған, ал екіншісін тонаумен қатар зорлаған. Осы қылмыстық әрекеттер сәуір айының соңында және мамырдың басында Іле ауданында болған.
"Бастапқыда оны жас әйелдің арызы бойынша ұстаған. Әйелді Жәпек ауылына жақын маңда тонап, артынша зорлаған. Тексеру кезінде оның тағы бір әйелді тонау ісіне қатысы бары анықталды. Екі жағдайда да ер адам әйелдердің ақшасын, әшекей бұйымдарын және телефондарын алып кеткен. Күдіктіні тінту кезінде зардап шеккен әйелдердің бірінің төлем картасы анықталған", - делінген Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Күдікті бұрындары зорлық ісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта полиция айыпталушының басқа да істерге қатысы бар жоғын тексеріп жатыр.