Егде жастағы әйелге қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен Алматы облысының үш тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық полиция баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Егде жастағы әйелге қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен Алматы облысының үш тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық полиция баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысында полицейлер қарақшылық шабуылдар мен алаяқтық деректері бойынша күдікті ретінде үш адамды ұстады.
Сәуірдің 22-нен 23-не қараған түні Талғар аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Алмалық ауылының 63 жастағы тұрғыны қоңырау шалған. Зейнеткердің айтуынша, белгісіз біреулер оның үйіне баса-көктеп кіріп, қол аяғын байлап, қарумен қорқытып, ақша мен басқа да бағалы заттарды беруін талап еткен. Соңында қылмыскерлер әшекей бұйымдар,ақша және зардап шеккен әйелдің көлігін мініп кеткен.
"Оқиға болған кезде әйелдің жолдасы ауруханада емделіп жатқан. Яғни ол үйде жалғыз болды. Жәбірленушіге жалпы 9 миллион теңге шығын келтірілген. Қарақшылық шабуыл қылмысын ашу үшін тәжірибелі тергеушілердің арнайы тобы құрылды, нәтижесінде Талғар ауданының үш тұрғынын анықталып, ұсталды. Күдіктілердің бірі бұрын зорлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, екіншісі алаяқтық жасады деген күдікпен іздестіріліп жатқаны анықталды", - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство өкілдері осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу Талғар аудандық полиция өндірісінде жалғасатынын мәлімдеді, осы уақытқа дейін барлық үш адамға да сот қамауға алуды санкциялады.
"Жәбірленушіге тиесілі "Хонда" маркалы автокөлік заңды иесі анықталып, қайтарылды. Ұрланған мүлікті іздеу, яғни сақиналар, тізбектер, білезіктер және басқа да алтын бұйымдар әлі жалғасып жатыр", - деді облыстық полиция өкілдері.