Алматы облысында полицияның үш қызметкері екі ай мерзімге қамауға алынды. Олар азаптау, билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану және көрiнеу заңсыз ұстап алу, күзетпен қамауға алу немесе күзетпен ұстау баптары бойынша күдікке ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысында полицияның үш қызметкері екі ай мерзімге қамауға алынды. Олар азаптау, билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану және көрiнеу заңсыз ұстап алу, күзетпен қамауға алу немесе күзетпен ұстау баптары бойынша күдікке ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"4 ақпанда Алакөл аудандық соты Алакөл АІІБ үш қызметкері Талғат Нұрпейісов, Руслан Базекенов және Айдын Тұрсынхановты екі ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарды", - деп хабарлайды Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.
Алматы облыстық сотының мәліметінше, полицейлерге ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы ("Азаптау, адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған және денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтiре отырып"); 362-бабының 4-бөлігінің 1-тармағы ("Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану"); 414-бабының 4-бөлігінің 4-тармағы ("Көрiнеу заңсыз ұстап алу, күзетпен қамауға алу немесе күзетпен ұстау") бойынша күдік келіп отыр.
Адвокат Юлия Малюкова іс бойынша жәбірленуші - Алматы облысы Сарқанд ауданы Бақалы ауданының 26 жастағы тұрғыны. Оқиға 2016 жылы 19 маусымда болған. Тұрысбековты полицейлер ұрып-соғып, тепкілеп мал ұрлығын өз мойнына алуды талап еткен делінеді. Осыдан кейін баласының халін көрген анасы жедел жәрдем шақырған. Кейін анасы құқық қорғау орталығына хабарласқан.
Адвокат полицейлерге қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларының аяқталып қалғанын және сот алдында жауап беретінін айтты.
Сонымен қатар, Юлия Малюкова Алматы облысы Сарқанд аудандық ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатқаны айтты. Олар адамдардың қалтасына, сөмкесіне қару, есірткі салып, ақша бопсалаған делінеді. Алайда бұл іс бойынша күдіктілер жоқ.