Алматы облысында балалар үйінен ақша ұрлады деген күдікті Таразда ұсталды

Дәурен Ерболат Журналист
Фото: vestikavkaza.ru

Алматы облысында балалар үйінен ақша ұрлады деген күдікке ілінген әлеуметтік педагог Таразда ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Алматы облысында балалар үйінен ақша ұрлады деген күдікке ілінген әлеуметтік педагог Таразда ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Полиция 30 жастағы әйелді Таразда ұстаған. Ол Алматы облысындағы №1 балалар үйінде әлеуметтік педагог болып жұмыс істеген.

"Тәртіп сақшылары күдіктіні Алматыға жеткізді. Бұл іс ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелді. Сондай-ақ, күдікті Алматы қаласы Экономикалық тергеу департаментіне жеткізілді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, осыған дейін Алматы облысында балалар үйінен ақша ұрлады деген күдікке ілінген педагогтің іздестіріліп жатқаны хабарланған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама