11 тамыз 2020 14:56

Алматыда педагогке балалар үйінен ақша ұрлады деген айып тағылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: turmush.kg Фото: turmush.kg

Алматы облысындағы №1 балалар үйіннің әлеуметтік педагогы ондағы тәрбиеленушілердің шотынан ақша ұрлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысындағы №1 балалар үйіннің әлеуметтік педагогы ондағы тәрбиеленушілердің шотынан ақша ұрлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы балалар үйі қамқоршылар кеңесінің мүшесі Эля Алиева Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Әлеуметтік педагог балалардың шотындағы ақшаны алып, қашып кеткен. 9 тамызда бұл дерек белгілі болды. Осы күні балалар үйінің директоры Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция басқармасына арыз жазды. Сондай-ақ, ол балалар үйінің қамқоршылар кеңесіне, Алматы облысы Қарасай ауданы прокуратурасына болған жағдайды айтып берді", - деп жазды Әлиева.

Балалар үйі қамқоршылар кеңесінің мүшесі полициядан әлеуметтік педагогті шұғыл түрде тауып беруді сұрады. Ол қамқоршылар кеңесінің мүшесі, директор болған жағдай әлі сенбей отырғанын жеткізді.

"Бұл мәселені объектив түрде қараған дұрыс болар еді. Директорды айыптап, асығыс шешім шығарудың керегі жоқ. Ол - керемет адам. Бұл - балаларды жақсы көретін бірінші директор. Ол балалар үшін аянбай еңбек етті. Қамқоршылар кеңесінің мүшелері болған жағдай ұжымға және балаларға моральдық және психологиялық жағынан кері әсер ететіне алаңдаушылық білдіріп отыр. Тергеуді ұзаққа созу балалар үйінің тәрбиеленушілерінің қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді. Сондықтан әлеуметтік педагогті тез тауып беруді сұраймыз", - дейді Эля Әлиева.

Алматы қаласы полиция департаменті болған жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу тізіліміне тіркелді. Тергеу барысында тиісті сараптама тағайындалады. Нәтижесінде іске қатысты тиісті шешім қабылданады", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети