TikTok-та қауыннан жасалған жаңа десерт трендке айналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

TikTok-та қауыннан жасалған жаңа десерт трендке айналды Бейнеден кадрлар

TikTok-та қатырылған қауыннан жасалатын ерекше десерт танымал болып жатыр. Желі қолданушылары небәрі бірнеше ингредиенттен тұратын оңай рецепті жаппай қайталап жатыр. Кейінірек бұл тренд қарбызға да ұласты, - деп хабарлайды Tengri Life.


Рецепттің танымал болуы оның қарапайымдылығынан болса керек: әзірлеу үшін санаулы ғана өнім қажет, ал қарапайым блендерден басқа арнайы жабдықтың керегі жоқ. Видео авторлары бірнеше шартты орындаған жағдайда, құрылымы өте нәзік әрі крем тәріздес десерт шығатынына сендіреді. Қолданушылар рецептті үйде қайталау үшін видеоны белсенді түрде сақтап жатыр.

@altynn_qyz

бұл өте дәмді🍨🍈 маңызды кеңестер: 1. қауын шынымен де тәтті болуы керек 2. 10-20% кілегей алыңыз 3. қауын жақсылап қатырылуы тиіс міндетті түрде байқап көріңіздер!!!🤌🏻

♬ Mozart Minuet with violin(815356) - 松本一策

Әзірлеу әдістері әртүрлі болғанымен, көптеген вирустық ролик бір нәрсені ұсынады. Авторлар барынша піскен әрі тәтті қауынды таңдап, оны дайындау алдында жақсылап қатыруға кеңес береді.

@violetta.primich

Кім байқап көрді?

♬ GAZ - Zivert

Қауыннан трендтегі десертті қалай дайындау керек?

Дайындау үшін қажетті заттар:

  • тәтті, піскен қауын;
  • майлылығы 10–20 пайыз кілегей;
  • қоюлатылған сүт (қалауы бойынша).

Кейбір авторлар дәм балансын сақтау үшін қалауыңызша аздап бал, қант немесе бірнеше тамшы лимон шырынын қосуды ұсынады.

Дайындау процесі мынадай:

  1. Қауынның қабығы мен дәндері аршылып, кішкене бөліктерге кесіледі.
  2. Тілімдер толықтай қатырылады. Авторлар оларды мұздатқышта кем дегенде сегіз сағат немесе түні бойы қалдыруға кеңес береді.
  3. Қатырылған қауын блендерде біртекті масса болғанша ұсақталады.
  4. Оған салқындатылған кілегей қосылып, крем тәріздес болғанша тағы бір рет араластырылады.
  5. Егер десерт жеткілікті дәрежеде тәтті болмаса, аздап қоюлатылған сүт немесе бал қосылады.
  6. Егер масса тым жұмсақ болып шықса, оны тағы бір-екі сағатқа мұздатқышқа салып қоюға болады.

Десертті дайын болған бойда ұсыну немесе мұздатқыштағы ауа өткізбейтін контейнерде сақтау ұсынылады.

@sooo_crispy

Маңызды: Қауын мен қарбызды жақсылап қатыру (шамамен 8 сағат) Салқын сүт немесе кілегей (кілегей жақсырақ) Аздап құйып, қасықпен қырып отыру керек Егер қарбыз өте тәтті болса жақсы, егер орташа болса - өз талғамыңызға қарай қоюлатылған сүт немесе бал қосқан дұрыс) Менде керемет балмұздақ шықты 🍦 • • • Трендтегі рецепттер Viral recipes

♬ оригінальний звук - Classical Music

Дайындау кезінде нені ескеру маңызды?

Танымал ролик авторларының айтуынша, нәтижеге әсер ететін бірнеше шарт бар:

  • толық піскен және тәтті қауынды таңдау;
  • жемісті кем дегенде сегіз сағат қатыру немесе мұздатқышта түні бойы қалдыру;
  • майлылығы 10–20 пайыз салқындатылған кілегейді пайдалану;
  • егер қауын жеткілікті дәрежеде тәтті болмаса, аздап қоюлатылған сүт қосу.

Сонымен қатар, авторлар кремді құрылымға қол жеткізу үшін кілегейді біртіндеп қосуға кеңес береді.

"Тәттіні ұнатсаңыз - қоюлатылған сүт қосыңыз", - дейді желі қолданушыларының бірі.

Тағы бір видео авторы осыған ұқсас ұсыныстарын бөлісті.

"Бұл өте дәмді. Маңызды кеңес: қауын шынымен де тәтті болуы керек, 10–20 пайыздық кілегей алыңыз, қауын жақсылап қатырылуы тиіс", - деп кеңес берді ол.

Сонымен қатар, көптеген желі қолданушылары дайындаудың өз әдістерін ұсынып жатыр. Олар бұл процесті жеңілдетуге болады деп есептейді: алдымен жемісті аршып, текшелеп турап, толық қатырып, содан кейін кілегеймен бірге блендерде ұсақтап, қажет болса массаны біраз уақытқа мұздатқышқа қайта салып алу керек.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Анна Абраамян |UGC (@anna_abraham.blog) жарияланымы

Қауыннан кейін қарбыздан да десерт дайындай бастады

TikTok желісінде қарбыз қосылған осыған ұқсас рецепт бейнероликтері де танымалдыққа ие бола бастады. Оны дайындау принципі де бірдей: жемісті алдын ала мұздатып, содан кейін суық кілегеймен араластырады. Егер қарбыз жеткілікті дәрежеде тәтті болмаса, авторлар аздап қоюлатылған сүт немесе бал қосуға кеңес береді.

@yeldosaytuganov_blog 2 бөлім “Қарбызды” Келесі неден жасап көрейін? Керек заттардың бірін @wolt.kazakhstan ♬ оригинальный звук - Елдос Айтуганов

Желі қолданушылары трендке қатысты не дейді?

Жаңа рецепт қызу талқыға түсті. Көптеген адам бұл ерекше десертті үйде жасап көретінін айтқан.

"О, жасап көру керек екен", "Дәмін татып көргім келіп кетті, қандай болады екен", "Қызым үнемі жасап беруімді сұрайды", - деп жазды пікір қалдырушылар.

@tommywinkler Пайдалы балмұздақ әрі жаттығу жасап үлгересіз😅 #watermelon #fruit #icecream #thefoodguy #foodhacks ♬ Levitating (feat. DaBaby) - Dua Lipa

Кейбір желі қолданушылары рецептті сынап көріп, нәтижесіне көңілі толған.

"Мен кілегей және қоюлатылған сүтпен жасадым - нағыз балмұздақ болды", "Өте дәмді шықты", "Бұрын неге ойламағанмын", - дейді желідегілер.

Дегенмен, бұл трендке көңілі толмағандар да табылды. Бірі мұндай десерттің бұрыннан белгілі екенін және көбіне сорбет немесе шербетке ұқсайтынын айтса, басқалары дәмін ұнатпаған..

"Құттықтаймын, сіздер шербет жасап шығардыңыздар", "Бұл шербет емес пе?", "Мүлдем дәмсіз, кәдімгі сүт қосылған қауынның дәмі", - деп жазды қолданушылар.

Сондай-ақ, қолданушылардың бір бөлігі кілегей мен қоюлатылған сүтті сатып алғаннан көрі, дайын балмұздақты сатып алу арзанға түсетінін алға тартады.

"Балмұздақты сатып ала салған оңай", "1 келі, бір шелек балмұздақ сатып алған арзанырақ болады", - дейді пікір қалдырушылар.

Әртүрлі пікірлерге қарамастан, бұл бейнероликтер танымалдығын жоғалтпай тұр, ал желі қолданушылары рецептпен тәжірибе жасап, мұндай десертті тек қауын мен қарбыздан ғана емес, сонымен қатар манго, банан, ананас, киви және жидектерден де дайындауды ұсынып жатыр.