29 шілде 2021 13:45

Алматыдағы балалар үйінен ақша жымқыру ісі: педагог 7 жылға сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы соты №1 Алматы облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілерінен ақша ұрлау ісі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы соты №1 Алматы облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілерінен ақша ұрлау ісі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақша жымқырды деген күдікке балалар үйінің педагогі ілінген.

"Іс бойынша сотталушы тәрбиеленушілер есепшотына ай сайын асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы түсетінін білген. Сотталушы тәрбиеленушілер ақшасын ұзақ уақыт бойы жымқырып, олардың есепшотынан үнемі ақша алып отырды. Көрсетілген мән-жайлар сотталушының өзіне сеніп тапсырылған мүлікті ұрлау пиғылы бар екенін көрсетеді. Қылмыс әшкере болмаса жалғаса беруі мүмкін еді", - делінген сот материалдарында.

Сот педагог 2015 жылдың желтоқсанынан 2020 жылдың тамызына дейін жалпы сомасы 67 миллион 366 мың теңгеден аса соманы тәрбиеленушілер есепшотынан өз картасына аударғанын анықтады. Ол тәрбиеленушілерге келтірілген зиянның бір бөлігін өтеген, бірақ сот бағалауы бойынша өтелмеген залал сомасы істі қарау уақытында 52 440 227 теңге болған.

Сот әйелді 189-баптың 4-бөлігі 2-тармағы "Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу" бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны жеті жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Сондай-ақ, сот балалар үйінің бұрынғы директорына үкім шығарды, ол іс материалдарына сәйкес 2018 жылы белгілі болған ұрлық дерегін уәкілетті органдардан жасырған. Оған ҚР ҚК-нің 371-бабы "Салғырттық" бойынша мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 1000 АЕК (2 778 000 теңге) айыппұл салу түрінде жаза тағайындалды.

Үкімге 15 тәулік ішінде шағым түсірілуі мүмкін.

Айта кетейік, 2020 жылғы тамызда балалар үйінің қызметкері Бағанашылда тәрбиеленушілердің есепшотынан ақша ұрлады деп айыпталғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети