12 шілде 2016 | 14:46

Алматы облысында бизнесмендер жалған кәсіпкерлік арқылы 12 миллиард теңге жымқырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sikerado.hu © sikerado.hu

Алматы облысында қылмыстық топ анықталды, олар 2008-2015 жылдар аралығында ақша жымқырумен айналысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында қылмыстық топ анықталды, олар 2008-2015 жылдар аралығында ақша жымқырумен айналысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, осы мақсатта мемлекеттік органдарда 70-тен аса коммерциялық ұйым тіркелген. Олардың қызметі кәсіпорын жұмысын жүзеге асыру емес, коммерциялық компаниялардың өздеріне пайда келтіру мақсатында қолданылған. Жалған қаржылық құжаттарын пайдалана отырып, бизнес операциялар бойынша салық салық төлеуден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден босатылып отырған", - дейді Алматы облысы МКД басшысының орынбасары Дәулет Ақылбеков.

Қылмыстық топтың кестесі бойынша, банктерде ашық тұрған жалған кәсіпкерліктердің шотынан ақшаны шешкеннен кейін ақша контрагент-сатып алушыларға қайтып отырған. Соның өзінде делдал-компанияларға жіберілген соманың төрт пайызы сыйақы ретінде түсіп отырған.

Кешенді жедел-іздестіру іс шараларының барысында экономикалық тергеулер қызметінің мамандары екінші деңгейлі бір банктен 65,3 миллион теңге шешіп жатқан адамдар тобын ұстады.

"Сараптама қорытындысы бойынша, контрагенттер жалпы саны 12,5 миллиард теңге салық төлемеген. Басты фигуранттың жалпы сомасы 200 миллион теңгені құраған мүлкіне тыйым салынды: Алматыда пәтер, бизнес-кешен (ТҚКО, дүкен, қазандық) Mersedes-GL-500, Toyota Land Cruiser Prado маркалы автокөліктер", - деді Ақылбеков.

Қазіргі кезде жалған кәсіпкерлікпен айналысқандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аяқталып, сотқа жіберілді.

Алматы облыстық МКД ЭТҚ мәліметі бойынша, осы жылы жалған кәсіпкерлік үшін 266 сотқа дейінгі тергеу жұмысы тіркелген, қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру қылмысы кезінде 10 топ адам ұсталды. Сондай-ақ жалған кәсіпкерлік деректері бойынша 178 қылмыстық іс сотқа жіберілген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети