Алматы облысының полицейлері бір жарым айда мал ұрлығына қатысы бар 110 адам ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық полиция баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысының полицейлері бір жарым айда мал ұрлығына қатысы бар 110 адам ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық полиция баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тәртіп сақшыларының "Мал ұрлығы" жедел алдын алу іс-шарасы 12 наурызда басталып, сәуірдің соңына дейін жалғасады. Аталған іс-шара барысында Алматы облысының полицейлері мал ұрлығының 150 дерегін әшкерелеп, осы қылмыстарға қатысы бар 110 адамды ұстады.
"Жедел іздестіру жұмыстары арқасында 47 күн ішінде мал ұрлығына қатысты 93 қылмыс ізі суымай ашылды. Бұған дейін жасалған өзгенің малын үптеп кетудің 56 дерегінің мән-жайы анықталып, күдіктілер ұсталды. Оның 37 қылмысы "бұрынғы жылдар" санатына жатады. Қолды болған малды іздестіру барысында полицейлер 177 малды өз иелеріне қайтарды", - делінегн хабарламада.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары облыс аумағында мал және ет өнімдерін тасымалдауға талапты күшейткен. Облыстағы барлық автожолдарда бекеттер ұйымдастырып, іс-шара кезінде 3300 көліктің құжаттары тексеріліп, мал тасымалдау тәртібін бұзған 440 аса жүргізуші жауапкершілікке тартылған.
Өз кезегінде, тәртіп сақшылары мал иелеріне өз малдарына мұқият болуға шақырады. Жайылымнан жоғалған малды өздері іздеп, көп уақыт жоғалтатынын және ол малды жедел іздестіруге кері ықпал ететінін ескертеді.