Алматы облысында браконьерден 115 келі балық тәркіленді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Түркістан облысы тұрғынының Алматы облысында заңмен тыйым салынған әдіспен балық аулағаны анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысы тұрғынының Алматы облысында заңмен тыйым салынған әдіспен балық аулағаны анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасы барысында Алматы облысы ПД патрульдік полиция батальонының жол сақшылары "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" автожолының бойында Түркістан облысының 20 жастағы тұрғыны басқарған көліктен 115 келі балықты анықтады. Көлік жүргізушісі ірі көлемдегі тауарды қайдан алғанын және оны тасымалдауға қажетті тиесілі құжаттарды көрсете алмаған.

"Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тексеру барысында күдіктінің көлігінен екі аккумулятор мен тоқ ұлғайтқыш құралы, электр қармағы табылды. Заңмен тыйым салынған балық аулау құралы мен Іле өзенінен ауланған сазан және амур балықтары тәркіленді. Іс бойынша тиісті сот-биогиялық сараптамасы тағайындалды. Балықтар тиісті қабылдау орындарына өткізіліп, одан түскен қаржы мемлекет пайдасына аударылады", – деді Ұйғыр ауданы Полиция бөлімінің бастығы Шыңғысхан Сабуров.

Ведомство басшысының ақпаратына сәйкес, күдікті мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды, дегенмен оның көлігі арнайы тұраққа қойылған. Тәртіп сақшылары қолданыстағы заңнама талабы бойынша браконьердің мемлекетке келтірген материалдық шығынын анықтап жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro