Алматы облысында Дене шынықтыру және спорт басқармасы маманы пара алған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында Дене шынықтыру және спорт басқармасы маманы пара алған © elements.envato.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті "Артспорт" бағдарламасы бойынша жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасын тексергеннен кейін Алматы облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Пятый регион" басылымына сілтеме жасап.

"Департамент Алматы облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманын Artsport мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қою және серіктестік қызметіне жалпы қамқорлық жасағаны үшін жалпы сомасы 400 000 теңге пара алғанын әшкереледі", - делінген Антикор хабарламасында.

Бұл жағдайда маман мен кәсіпкерге қомақты айыппұл салынған.

"Қонаев қалалық сотының үкімі бойынша, бас маманға 12 миллион теңге, ал кәсіпкерге 8 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды", - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети