Алматы облысының тұрғыны екі адамды өлтірді деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысының тұрғыны екі адамды өлтірді деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Облыстық ІІД мәліметінше, бұл дерек Сарқан ауданында тіркелген. 4 қазанда жергілікті полицияға жедел жәрдем диспетчерінен жеке меншік үйлердің бірінен зорлық белгілері бар екі адамның мәйіті жатқаны жайлы хабарлама келіп түскен.
Сол үйдің иесі 61 жастағы ер адам мен пәтерді жалдап тұрған 34 жастағы әйелдің зардап шеккені анықталды. Сарапшылар олардың денелерінен ауыр жарақаттарды анықтады.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдікті оларды өлтіріп тастаған соң оқиға орнынан жасырынған. Сондай-ақ, оның осыған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Криминалдық полиция қызметкерлері оны сол күні кешкі уақытта ұстады.
"Қылмыстың ауыр болуына байланысты екі адамды өлтіру дерегі бойынша қылмыстық тергеуді Облыстық полиция департаментінің тергеушілері бақылауға алды. Қылмыс құралы анықталып, іс материалдарына қосылды", - деп хабарлады полициядағылар.
Сондай-ақ, баспасөз қызметіндегілер тергеу барысында Сарқан аудандық сотының күдіктіні қамауға алу туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Күдікті қазіргі уақытта қамауда.