03 шілде 2023 12:34

Алматы облысында екі адамды өлтірді деген күдікпен шетелдік ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ІІМ баспасөз қызметінен Фото: ІІМ баспасөз қызметінен

Алматы облысының полиция қызметкерлері екі адамды өлтірді деген күдікке ілінген шетелдік азаматты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысының полиция қызметкерлері екі адамды өлтірді деген күдікке ілінген шетелдік азаматты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салайық, 26 маусымда Қарасай ауданының ПБ-ға жеке үйлердің бірінен пышақ жарақаты бар екі ер адам өлі табылғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

"Табылған мәйіттер 30 бен 34 жастағы Тәжікстан Республикасының азаматтары болғандығы анықталды. Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікке 43 жастағы сол республиканың азаматы ілінді. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері күдіктінің орналасқан жерін анықтап, оны ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды", - деп хабарлады Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Іс негізінде сот-медициналық сараптама тағайындаумен соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети