Алматы облысында екі әйел танысын ұрлап әкетіп, қатыгездікпен өлтіргені үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында екі әйел танысын ұрлап әкетіп, қатыгездікпен өлтіргені үшін сотталды Фото: uganka.ru

Алматы облысының екі тұрғыны танысын ұрлағаны және қатыгездікпен өлтіргені үшін сотталды. Істің мән-жайын облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сот кісі өлтіру себебі жеке дұшпандық болуына байланысты екенін анықтады. 2020 жылдың 4 мамырында сотталушылар жәбірленушіні үйінен шығарып, көлікке отыруға мәжбүрлеген. Кейін Ескелді ауданының Матай Байысов ауылына алып келген. Сол жерде адам өлтірген.  

Сотталушылардың бірі кінәсін мойындамай ақтап шығаруды сұрады. Екіншісі - кісі өлтіргенін мойындады, бірақ соттан жазаны жеңілдететін мән-жайларды ескеріп (кішкентай балаларының болуы), істі қайта қарауды сұрады.

Сотталғандарға 2021 жылы 15 наурызда үкім шығарылды.

"Сот талқылауы кезінде прокурор сотталушы С-ға 20 жыл бас бостандығынан айыру және сотталушы Б-ға 19 жыл бас бостандығынан айыру түрінде түпкілікті жаза тағайындауды сұрады.

Сот іс бойынша жиналған дәлелдерді, оның ішінде сот сарапшылары қорытындыларын, куәлар мен сотталушылар айғақтарын ескере отырып, сотталушы Б-ға жазаны жеңілдететін мән-жайларды (балаларының болуы) және сотталушылардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайларды (төтенше жағдай кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасау) ескере отырып, оларды кінәлі деп таныды.

Сотталушыларға жазаларды ішінара қосу негізінде 18 жыл (сотталушы С-ға) және 17 жыл (сотталушы Б-ға) бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деп хабарлады қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі өкілдері.

Сондай-ақ сотталғандар зардап шегуші тарапқа 1,323 миллион теңге мөлшерінде ортақ материалдық зиян, әрқайсысы 5 миллион теңгеден төлеуі тиіс.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 466.22   532.57   5.95 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +20
Астана +20
Ақтау +25
Ақтөбе +20
Атырау +27
Б
Балқаш +19
Ж
Жезқазған +17
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +20
Қызылорда +20
П
Павлодар +19
Петропавл +20
С
Семей +22
Т
Талдықорған +22
Тараз +22
Түркістан +22
О
Орал +22
Ө
Өскемен +23
Ш
Шымкент +21

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер