02 тамыз 2016 12:46

Алматы облысында екі ер адам 57 жастағы әйелді сабап, ұрлап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook.com © Facebook.com

57 жастағы КазЦИК ауылының тұрғынын ұрлаған Талғар ауданының екі тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Күдіктілер әйел адамды Алматы қаласына әкеліп, тұтқыннан құнын төлеп босату үшін пәтерде ұстап отырған. Ол үшін әйелдің туыстарынан шетелдік валютамен қомақты қаражат талап еткен. Адам ұрлау ісі 2016 жылдың 25-нен 26-на қараған түні болған.

Жәбірленуші көптеген ауыр жарақаттар алған: бассүйек ми жарақаты, қолы сынған, миы шайқалған және көптеген қанды ісіктер алған. "Полицияның әрекет ету барысында кепілде болған әйел босатылып, қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. Қылмыс жасаған екі ер адам ұсталып, қамауға алынған. Ұсталғандар бұрындары сотталған 1964 және 1988 жылдары туған Талғар ауданының тұрғындары. Олар өздерінің кінәсін толығымен мойындады. Тергеу жұмыстарын ІІД-нің Тергеу басқармасы қылмыстық заңнама сәйкес бірнеше бап бойынша жүргізуде: "Адам ұрлау", "Қарақшылық", "Автокөлікті заңсыз иелену", - деді Алматы облысы ІІД өкілдері.

Қазіргі кезде әйел адам дәрігерлердің қарауында. Күдіктілер ұсталып, Іле аудандық ІІБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамалған. Полицейлер тергеу жұмыстарын жалғастыруда және басқа да адамдардың қатыс болуы мүмкін деген ақпаратты тексеріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети