Алматы облысында екі ер адам банкоматтан 13 миллионға жуық теңгені ұрлап кеткен

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында екі ер адам банкоматтан 13 миллионға жуық теңгені ұрлап кеткен видео кадры

Алматы облысының полицейлері банкоматтан ақша ұрлаған күдіктілерді қолға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының полицейлері банкоматтан ақша ұрлаған күдіктілерді қолға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

14 тамызда сағат 13:42-де Қарасай ауданының полиция бөліміне 1988 жылы туған А. есімді азаматша сағат 08:00 шамасында Алмалыбақ ауылында орналасқан банкоматтан бейтаныс адамдар медициналық маскамен 12 миллион 882 мың теңге көлемінде ақша ұрлағаны туралы арыз түсірді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді. А. есімді екі күдікті ұсталды. Олар 1998 және 1999 жылдары туылған, Қаскелең қаласының тұрғындары болып шықты.

Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында ұрланған ақша түріндегі заттай дәлелдемелер алынып, іс материалдарына қоса тіркелді.

Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындалып, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы да тексеріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети