Алматы облысында екі мұғалімге кәмелет жасына толмаған қыздарды зорлады деген айып тағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысында екі мұғалімге кәмелет жасына толмаған қыздарды зорлады деген айып тағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Sputnik Қазақстан мәліметінше, Үштөбе қалалық полициясына 16 жастағы екі оқушының ата-аналары арыз түсірген. Олардың шағымы 13 тамызда тіркелді.
Бүгінде дене шынықтыру пәнінің екі мұғалімі қамауға алынған. Олар екі түрлі мектепте жұмыс істейді. Екеуіне де кәмелет жасына толмаған қыздарды бірнеше рет зорлады деген айып тағылған. Бір қыз Қапшағай колледжінде оқиды, ал екіншісі - Үштөбе мектебінің оқушысы.
Полициядағылар Tengrinews.kz тілшісіне өңірлік полиция департаментінің тергеу басқармасы аталған фактілер бойынша қылмыстық іс жүргізіп жатқанын айтты.
"Күдіктінің бәріне қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпа шарасы таңдалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу полиция басқармасы басшылығының бақылауында", - деді ведомство баспасөз қызметінің өкілі.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!