04 қазан 2016 | 13:24

Алматы облысында екі зейнеткерді ауылдастары аяусыз соққыға жыққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысындағы Үмбетәлі ауылы © Tengrinews.kz Алматы облысындағы Үмбетәлі ауылы © Tengrinews.kz

Алматы облысындағы Үмбетәлі ауылында ауыл тұрғындары екі зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан. Зардап шеккендердің бірі, 68 жастағы шаруа Серік Молдахметов Tengrinews.kz тілшісіне 20 қыркүйекте болған оқиғаның мән-жайын айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысындағы Үмбетәлі ауылында ауыл тұрғындары екі зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан. Зардап шеккендердің бірі, 68 жастағы шаруа Серік Молдахметов Tengrinews.kz тілшісіне 20 қыркүйекте болған оқиғаның мән-жайын айтып берді.

"Біз далада жоңышқа жинап жүргенбіз. Қасымда көршім Балтабай Манабаев болды. Біздің аумақта жүрген бөтен біреулердің жылқыларын бірнеше рет қуған болатынбыз. Содан кешке үйге қайтатын кезде мен сол жылқыларға келген ер адамды көрдім. Ол бастапқыда жылқылар менікі емес деп айтты, бірақ соңынан мойындады. Мен оның жайылып жүрген жылқыларының жоңышқаларды бүлдіріп жүргенін айтып, оған бұл мәселені шешу үшін әкімдіктікке келуін талап еттім. Ол болса ешқайда да бармайтынын айтты. Содан мен оның соңынан қуып жетіп, киімінен ұстап алдым. Бір кезде артымнан біреу жетіп келіп, мойнымнан таяқпен ұрып жіберді. Артыма қарасам жас жігіт тұр. Мен жерге құладым, содан 3-4 адам мені тепкілей бастады. Кейін есімді жоғалттым. Ауруханада ғана есімді жидым", - деді 68 жастағы Серік Молдахметов.

Зейнеткердің айтуынша, шабуыл жасағандардын екеуі - ересек адам, тағы екеуі - жас жігіттер. Молдахметовке көмекке келген екінші зейнеткер де соққыға жығылған екен. "Менің көршім Балтабайды да ұрып кетті. Қалтамда куәлігім мен 15 мың теңге болған еді. Ақшам жоғалды, ал куәлік кейінірек осы жерден табылды", - дейді зейнеткер.

Айта кетейік, екі зейнеткер де жергілікті ауруханаға жеткізілді. Медициналдық сараптаманың қорытындысына сәйкес, Серік Молдахметовтың бет сүйектері сынған.

Аудандық полиция бөліміндегілердің айтуынша, "Бұзақылық" дерегі бойынша тергеу жұмыстары басталды. Бірақ дерек кейінірек "Тонау" бабына ауыстырылған. Сондай-ақ, зейнеткерге оны ұрып-соққан 26 жастағы жігіт кінәсін мойындаған. Алайда зейнеткердің туыстарының айтуынша, оларды тек бір адам емес, бірнеше адам болып ұрған.

Сонымен қатар, аудандық ІІБ өкілдеріне зейнеткерлерден соққы көрген адамдардан шағым келіп түскен екен.

"1949 жылғы С. Молдахметов пен 1949 жылғы Б. Манабаевтың алған жарақаттары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Яғни, қазіргі уақытта органдағылар істі зерттеп жатыр. Тергеу жұмыстары аяқталған соң процессуалдық шешім қабылданады. Қазір бұл төбелесте қанша адамның болғаны тексеріліп жатыр", - деді Жамбыл аудандық ІІБ басшысының орынбасары Бақыт Омарбаев ауыл тұрғындарымен болған жиналыста.

Айта кетейік, Үмбетәлі ауылының тұрғындарымен болған жиында қатысушылар зейнеткерлерді ұрып-соққандардың басқа жаққа көшуін талап етті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети