29 қазан 2020 | 12:27

Алматы облысында ер адам 6 келі есірткіні үйінде сақтаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Алматы облысында ер адам 6 келі марихуана есірткісін үйінде сақтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында ер адам 6 келі марихуана есірткісін үйінде сақтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, 22 қазанда Текелі қаласы полиция басқармасының кезекші пультіне қаладағы пәтерлердің бірінде жанжал болғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына тергеу-жедел тобы барған. Кейін полиция қызметкерлері 42 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты іс қозғаған.

Тексеріс барысында ер адамның қарақшылық шабуыл, ұрлық және адам өлтіргені үшін 5 рет сотталғаны анықталған. Ол 30 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, 2018 жылдың желтоқсанында босатылған.

"Тәртіп сақшылары үйді тексеру кезінде күдіктінің жатын бөлмесінен 7 қорап пен ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдікті, бір пластикалық бидонды тапқан. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері үйдің ауласынан және сарайдан пластикалық бидонды, ыдысты, құтыны және қорапты тапқан. Заттар тәркіленген.

Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес үйден табылған өсімдіктің кептірілген марихуана екені анықталған. Оның жалпы салмағы 6 114 грамм болған. Бұл аса ірі көлем болып саналады", - делінген хабарламада.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелген. 26 қазанда тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеу кезеңінде күдіктіні қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолданған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети