Алматы облысы Талғар ауданындағы Рысқұлов ауылында баланың көз алдында қайғылы жағдай болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болған?
Жекеменшік үйлердің бірінде 45 жастағы ер адам бірге тұратын әйелін бірнеше рет пышақтап өлтірген. Алған жарақаттары салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмған. БАҚ деректеріне сүйенсек, қылмыс бес жасар баланың көз алдында болған.
Көршілерінің айтуынша, қайғылы оқиға болған күні ер адам мас болған көрінеді.
Полиция пікірі
Алматы облысының Полиция департаменті Tengrinews.kz тілшісіне 14 қаңтарда күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Алдын ала мәлімет бойынша, отбасылық жанжал кезінде ауыл тұрғыны азаматтық некедегі әйеліне екі рет пышақ жарақатын салған. Жарақаттары таңылған әйелді туыстары тауып алған. Алайда ол бірнеше сағаттан кейін көз жұмды", – деді полицияның баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!