Алматы облысында ер адам әйелінің жұмысына барып, өлтірмек болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында ер адам әйелінің жұмысына барып, өлтірмек болған Видео кадры/instagram/pravda_ot_saule

Алматы облысы Қарасай ауданында ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны өлтірмек болған. Тіпті балғамен ауыр жарақаттар салған. Ауруханаға түскен әйел жергілікті блогерге оқиға қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жәбірленушінің басы бірнеше жерден тігілген, қолы да сынған. Әйелді әріптестері құтқарып қалған.

Ер адам мектепке барып, баласына да зиян келтіруге тырысқан, бірақ мектеп директоры ер адамды оқу орнының ғимаратына кіргізбепті.

Алматы облыстық Полиция департаменті өкілі оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды, сот санкциясымен ол екі ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу барысы бақылауға алынды", - деп жазылған хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети