Алматы облысында ер адам жоғалып кетті: оның өртенген көлігі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында ер адам жоғалып кетті: оның өртенген көлігі табылды

Алматы облысында ер адам жоғалып кетті. Оның көлігі екі сағаттан кейін ауылдың шетінде өртенген күйде табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында ер адам жоғалып кетті. Оның көлігі екі сағаттан кейін ауылдың шетінде өртенген күйде табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаменті 22 желтоқсанда Талдықорған полициясына 27 жастағы тұрғын 1986 жылғы ағасы Азат Теміртасовтың жоғалғаны туралы арыз жазғанын хабарлады.

Хабар-ошарсыз кеткен ер адам 21 желтоқсанда сағат 21.30-да Қарабұлақ ауылында Toyota Caldina көлігімен жүргені мәлім болды.

"Аталған өтініш СДТБТ-ға тіркеліп, оған іздеу жарияланды. Іздестіріліп жатқан ер адамның көлігі екі сағаттан кейін Ескелді ауданы Бақтыбай ауылының шетінде табылды.

Қазіргі уақытта қылмыс деректері мен оқиғаның мән-жайын толық, объектив және жан-жақты зерттеуге бағытталған жедел және тергеу іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр", - деді өңірлік полицияның баспасөз қызметі. 

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейтіні атап өтілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети