17 қаңтар 2021 | 17:06

Алматы облысында ер адам көрші баланы ұрып-соғып, зорлаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: nvdaily.ru Иллюстрациялық фото: nvdaily.ru

Алматы облысында ер адам үй жертөлелерінің бірінде көршісінің баласын ұрып-соғып зорлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында ер адам үй жертөлелерінің бірінде көршісінің баласын ұрып-соғып зорлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі өкілі 2020 жылдың 7 наурызында ер адам мас күйде нәпсілік қажетін орындау мақсатында көрші баланы ұрлап кеткенін айтты.

"Баланың қарсылығы мен айқайына қарамастан, аузын жауып, оны ешкім көрмейтін және тоқтата алмайтын жеке тұрғын үйдің жертөлесіне апарып, жұдырықпен ұрған. Салдарынан бала есін жоғалтып, дәрменсіз күйде, зорлық-зомбылық пен жыныстық әрекеттерге ұшырады", - деді соттағылар.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қаршадай баланы ұрлап, нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасаған айыптыға үкім шығарды.

Сотта сотталушы айыпты мойындамады, әрекеттің дәлелденбеуіне байланысты өзін ақтауды сұрады.

Отырыста мемлекеттік айыптаушы мен жәбірленушінің заңды өкілі соттан ер адамды Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігі 5-тармағы "Адам ұрлау", 120-бабының 4-бөлігі "Зорлау", 121-бабының 4-бөлігі "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша кінәлі деп тануды және өмір бойына бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындауды сұрады.

"Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, куәгерлердің айғақтарымен, сот-сараптамалық зерттеулердің нәтижелерімен дәлелденді. Сот сотталушының іс-әрекетінде жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды анықтаған жоқ, ал жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жайлар ретінде мас күйде қылмыс жасағанын айтты", - деп толықтырды сот өкілдері.

Баспасөз қызметіндегілер сот жаза тағайындау кезінде қылмыстың аса ауыр санатына жататынын, қылмыстың сипатын, сотталушының жеке басын, оның ішінде қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын, жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жайларды ескергенін атап өтті.

Сотталушы қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігі 5-тармағы "Адам ұрлау", 120-бабы 4-бөлігі "Зорлау", 121-бабы 4-бөлігі "Нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері" бойынша кінәлі деп танылды және оған қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде жазасын өтей отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети