Алматы облысы Жаркент қаласында 33 жастағы жергілікті тұрғын өзінің ескі танысына пышақ ұрған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД бапсасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысы Жаркент қаласында 33 жастағы жергілікті тұрғын өзінің ескі танысына пышақ ұрған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД бапсасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олар кездейсок кездесіп қалып, Өсек өзенінің бойында көңіл көтеретін болып келіскен. Ішімдік ішкен екі таныс арасындағы сөзге келіспеушіліктен ерегесіп қалып, төбелес соңында 35 жастағы азаматтың ауыр дене жарақат алумен аяқталған.
"Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті анықталды. Қазіргі уақытта ол мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды. Қылмыс құралы болуы мүмкін ас үй пышағы іздестіріліп жатыр", - деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.
Облыстық полиция мәліметінше, күдікті бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Аудандық полицейлер күдіктінің өзге де қылмыстарға қатысы барын тексеріп жатыр.