Алматы облысында ер адам тұрғынды өлтіріп, мәйітін жасырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында ер адам тұрғынды өлтіріп, мәйітін жасырған

Алматы облысында 24 жастағы тұрғын адам өлтіргенін мойындап, мәйітті жасырған жерін көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында 24 жастағы тұрғын адам өлтіргенін мойындап, мәйітті жасырған жерін көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылы 16 мамырда Іле ауданындағы азаматтық іс жүргізу кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардан шақырту түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, белгісіз біреулер арасында жанжал туғанын анықтаған.

"Бір тәулік ішінде криминалдық полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар 24 жастағы тұрғынды анықтап, ұстады. Ол оқиғаға қатысы бар екені туралы бірқатар дәлел келтіргеннен кейін адам өлтіргенін мойындап, мәйітті жасырған жерін көрсетті.

Айғақтарды тексеру барысында оқиға орнында, ауыл маңындағы алқаптан 31 жастағы тұрғынның мәйіті табылды. Жәбірленушінің денесінде зорлық-зомбылық іздері бар. Күдікті қылмыс жасаған құралды лақтырып жіберген. Оны анықтау үшін шаралар қабылданды",- деді өңірдің ПД өкілдері.

Дерек Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети