Алматы облысында жаяу жүргіншіге қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысында жаяу жүргіншіге қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарақшылық шабуылға қатысы бар үш күдікті Алматыда ұсталды. Олар Талғар ауданының 21 жастағы, Алматы қаласының 23 жастағы және Сарқан ауданының 22 жастағы тұрғыны екені анықталды.
"Ұсталғандар ер адамды ұрып-соққанын мойындаған. Олар Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұзақылық дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматы облысында ер адамға шабуыл жасалған сәттің видеосы тараған болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!