25 ақпан 2020 | 08:55

Алматы облысында есірткі зертханасы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Алматы облысының полицейлері есірткі зертханасын анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының полицейлері есірткі зертханасын анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел ақпарат бойынша Іле ауданының А. есімді тұрғыны есірткі заттарын шығарып, таратумен айналысқанын анықтады. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде сараптама актілерінде белгіленген "марихуана" есірткі заты бар 8 сіріңке қорабы тәркіленген. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 1-бөлігі бойынша тіркелген.

Санкцияланған тінту барысында Іле ауданының 47 жастағы ауыл ер адамның тұрғын үйінің екінші қабатынан "марихуана" есірткі заттарын өсіріп, дайындап, тарататын зертхана табылған. 

"Оның үйінің екінші қабаты микроклимат құру мақсатында күн батареяларының көмегімен қосымша жылытылған. Тінту жүргізу кезінде салмағы 26 келіге жуық 47 бұта, 295 орама және салмағы 8,5 келі дайын екі қап "марихуана" табылды және тәлкіленді. Есірткі өсімдіктерін өсіру, аса ірі мөлшерде дайындау және сақтау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 300-бабының 1-бөлігі, 296-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді Алматы облысы Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Қазбек Мұхамедов.

Күдікті кінәсін мойындаған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети