17 наурыз 2015 | 10:06

Алматы облысында жалған чек әзірлеумен айналысқан қылмыстық топ әшкере болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Тengrinews.kz мұрағатынан Фото Тengrinews.kz мұрағатынан

Құқық қорғау органдары Алматы облысында жалпы құны 500 миллион теңге болатын жалған есепшот-фактураларды, төлем құжаттары мен қазына чектерін әзірлеген ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеулер қызметінің "көлеңкелі" экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі басқармасының жетекшісі Дәулет Ақылбековке сілтеме жасап. 

Иконка комментария блок соц сети

"Осы жылдың 5 наурызында жалпы сомасы 423 276 000 теңге болатын жалған есепшот-фактуралар, төлем құжаттары мен қазына чектерін әзірлеп, сатқан екі күдікті клиенттен 10 миллион теңге алып жатқан кезінде қолға түсті. Шара барысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің Алматы облысында салықты төлемей, байлыққа кенелу мақсатымен "Делантра" ЖШС атынан жалған есепшот-фактураларын жасағаны белгілі болды. Кеңсе бөлмелерін қарау кезінде жалған құжаттар, касса аппараттары және түрлі ЖШС мөрлері табылды", - деп хабарлады мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары. 

Ақылбековтің мәліметінше, салықтық тексеру нәтижелері бойынша заңды тұлғалардың заңсыз әрекеттері салдарынан мемлекетке жарты миллиард теңгеден астам шығын келгені анықталды. Қазір Алматы облысындағы ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты "Жұмыстың шын мәнінде орындалмағанына, қызметтің көрсетілмегеніне, жүктің тиелмегеніне қарамастан, есепшот-фактурасын жазып беру жөнінде әрекеттерді жасау" бабымен қылмыстық іс қозғалды. 7 наурыз күні "қамауға алу" бұлтартпау шарасы санкцияланды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети