2019 жылғы 6 тамызда Алматы облысы Кербұлақ ауданының соты РГД-5 жауынгерлік гранаталарын және оларға тұтатқыштарды өткізумен айналысқан адамдар тобына қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Топқа қатысушылар ҚР ҚК 287-бабы 4-бөлігі, 361-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға қауіпсіздігі орташа ҚАЖ мекемесінде өтеумен 3 жылдан 3,5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.
2019 жылғы мамырда ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатуға қатысы бар көрсетілген топтың құқыққа қайшы әрекетінің жолын кескен болатын.