Алматы облысында жасөспірім қызды зорламақ болған зейнеткер ұсталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жасөспірім қызды зорламақ болған зейнеткер ұсталды Фото almaty.tv

Алматы облысында 14 жастағы қыз балаға қысым жасап, арам ойын іске асырмақ болған күдікті ұсталды. Ол Алматы қаласының 62 жастағы тұрғыны болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы" арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында 14 жастағы қыз балаға қысым жасап, арам ойын іске асырмақ болған күдікті ұсталды. Ол Алматы қаласының 62 жастағы тұрғыны болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы" арнасына сілтеме жасап.

Аталған факт бойынша өтініш полицияға 15 ақпанда түскен. Қарасай ауданында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті деген ер адам ұсталды. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ол - Алматы қаласының 62 жастағы тұрғыны. Сондай-ақ оның жеңіл көлікті мас күйінде басқарғаны белгілі болды.

 Қазір күдіктіге қатысты іс қозғалып, істің мән-жайы тергеліп жатыр.  

"Автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды. Сонымен қатар, ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 124-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Істің мән-жайын толықтай анықтау мақсатында тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деді ПД баспасөз қызметінің ресми өкілі Әбілтай Әбенов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети