Алматы облысында жүргізуші адам қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жүргізуші адам қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен © polisia.kz

Алматы облысында "Лада" маркалы көлігінің жүргізушісі адам қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кетті. Полиция күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында "Лада" маркалы көлігінің жүргізушісі адам қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кетті. Полиция күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғасы сағат кеше 23:40 шамасында Алматы - Өскемен автожолында болды. Белгісіз біреу Кербұлақ ауданының 41 жастағы тұрғынын қағып кеткен. Салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қаза тапқан. 

"Оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші - Алматы қаласының 46 жастағы тұрғыны, ол қалада ұсталды. Оның жеке үйінің ауласында ВАЗ-21102 маркалы көлігі жаяу жүргіншіні қаққаннан пайда болған белгілерімен табылды. Күдікті адам қағып кеткенін мойындады. Ол қорқып кеткендіктен қашқанын айтты. Жол апаты түнде, адам жоқ жерде болғандықтан біз оны таба алмай қаламыз деп ойлаған", - дейді Көксу ауданының полиция бөлімінің басшысы Рамиль Гимадиев. 

Автокөлік сот шешіміне дейін арнайы тұраққа жеткізілді. Сараптама қорытындыларын алғаннан кейін бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешіледі. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі және 347-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети