Алматы облысында қамаудағылар түрме бақылаушысымен төбелескен

Дина Муратова
Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында қамаудағылар түрме бақылаушысымен төбелескен

Алматы облысы Заречный поселкісінде қамаудағы адамдар бақылаушылармен төбелескен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілішсі ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Оразға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Заречный поселкісінде қамаудағы адамдар бақылаушылармен төбелескен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілішсі ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Оразға сілтеме жасап.

Бұл оқиға ЛА-155/14 мекемесінде болған. Ол жақта белгісіз адамдар тыйым салынған заттарды мекемеге алып кірмек болған.

"Бақылау аймағында Ұлттық ұланның кезекші тексерушісі үш сотталған адамды көріп қойған. Олар жасаққа арналған жерден алшақтап, тыйым салынған аймаққа кіріп, белгісіз біреулер тастап кеткен заттарды алғысы келген. Олардың бұл әрекеттерін әшкерелеген қызметкерге олар бағынбай, қарсылық көрсетіп, оған дене жарақатын келтірген", - деді ІІМ ресми өкілі.

Мекеме қызметкері медициналық мекемеге жеткізілді. Болған оқиғаға байланысты жөнелтілген жасақ сотталушыларды ұстап, оларды тәртіп изоляторына қамады.

"Ұсталған адамдарға қатысты мекеме қызметкеріне күш көрсеткендігі үшін қылмыстық іс қозғалды. ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетiнің қызметкерлері бұл оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жүргізіп жатыр", - деді ол. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети