Алматы облысында қару-жарақ қоймасы табылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында қару-жарақ қоймасы табылды Видеодан алынған кадр

Алматы облысында Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған қарулар сақталған қойма анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған қарулар сақталған қойма анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

14 қаңтарда тәртіп сақшыларына бірнеше қылмысқа қатысы бар деп күдікке ілінген ер адам туралы жедел ақпарат келіп түсті. Ақпаратта күдіктіде Алматыдағы қару-жарақ дүкендерінің бірінен ұрланған атыс қаруы бар делінген.

Қызылжар ауылының 21 жастағы тұрғыны полицияға жеткізілді. Ұсталған адам 6 қаңтарда Алматыда болған тәртіпсіздіктер кезінде "Алпамыс" қару-жарақ дүкенінің қалай тоналғанын көрген.

"Дүкенде белгісіз үш адам оған Ресейде жасалған екі қару берген. Дүкен ғимаратының алдынан тағы да мылтық, тегіс ұңғылы қару мен тапанша және көптеген оқ-дәрілерді жинап алған. Ол қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тау бөктеріндегі екі жерде жасырған", - деді тәртіп сақшылары. 

Қойманы тексеру барысында қару-жарақ арсеналы табылып, заттай айғақ ретінде іске тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети