27 сәуір 2017 10:10

Алматы облысында көлік жүксалғышынан байлаулы жатқан ер адам табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© patrul.kz © patrul.kz

Алматы-Бішкек тасжолының 29-шақырымында (Алматы облысында) полицейлер Lada көлігін тоқтатып, көліктің жүксалғышынан байлаулы жатқан ер адамды көрген. Оқиға 26 сәуірде кешкі уақытта болған, - деп жазады patrul.kz.


Алматы-Бішкек тасжолының 29-шақырымында (Алматы облысында) полицейлер Lada көлігін тоқтатып, көліктің жүксалғышынан байлаулы жатқан ер адамды көрген. Оқиға 26 сәуірде кешкі уақытта болған, - деп жазады patrul.kz.

Жүргізушінің құжаттарын тексерген кезде ол қатты күйгелектен. Содан инспекторлар одан күдіктене бастаған. Осылайша, олар маңғыстау нөмірмен жүрген көлікті және ондағы жолаушыларды тексеруді шешкен. Бірақ бір сәтте полицейлер бір дыбыстар естіп, ер адамнан көліктің жүксалғышын ашуды сұрайды. Сол кезде көліктің көмек сұраған ер адамның айғайы шыққан.

Басылымның мәліметінше, жүксалғышты ашқан кезде онда қол-аяғы пластикалық қамытқа байланған ер адам жатқан. Көліктегі барлық үш ер адам ұсталып, оқиға орнына Қарасай аудандық ІІБ жедел-тергеу тобы шақырылды.

Ұсталған ер адамдардың екеуі Шымкентке бара жатқанын, ал үшінші ер адам болса жүксалғышта не жатқанын білмегенін айтады. Тұтқында болған адам олармен таныс екенін айтып отыр. Оларда ортақ жұмыс болған екен. Бірақ нақты немен айналысқандарын нақтыламады. Мүмкін, ақшалай қарыздары бар.

"Ер адам Nexia көлігіне жанармай құйып жатқанда тұтқындалған. Таныстары оны салонға итеріп кіргізіп, тау жаққа алып кеткен. Сол жақта оны соққының астына алған. Содан оны жүксалғышқа салып, Шымкентке қарай алып кетпекші болған", - деді басылымдағылар.

Енді полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтайды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети