Алматы облысында колонияда интернет-алаяқтықпен айналысқан адам анықталды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында колонияда интернет-алаяқтықпен айналысқан адам анықталды Владимир Заикин/"Время" газеті

Алматы облысындағы колонияда сотталған адам екі жылдан аса уақыт бойы интернет-алаяқтықпен айналысқан. Бұл деректі аймақ прокуратурасы анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысындағы колонияда сотталған адам екі жылдан аса уақыт бойы интернет-алаяқтықпен айналысқан. Бұл деректі аймақ прокуратурасы анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокуратура мәліметінше, сотталған адам 2020 жылғы маусымнан биыл қаңтарға дейін 200-ге жуық алаяқтық жасаған. Зардап шеккендерге келтірілген залалдың жалпы сомасы 25 миллион теңгеден асады. Қылмыс түзеу мекемесінде ұялы телефондар мен ұялы байланыс операторларының түрлі SIM-карталары арқылы жүзеге асырылған.

"Бұл дерек 2023 жылғы 2 наурызда ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағында көзделген құқықбұзушылық бойынша мамандандырылған прокуратурада тіркеліп, Қонаев полиция басқармасының тергеу бөлімшесіне берілді", - деді облыстық прокуратура өкілі.

Тергеу барысында сотталған адамнан екі ұялы телефон және 41 SIM-карта тәркіленген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети