09 қазан 2019 09:18

Алматы облысында косметологты өлтірді деп айыпталған жұп: Ақша үшін емес, абайсызда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында қатыгездікпен өлтірілген косметолог Батура Мамедованың өліміне қатысты сотта айыпталушылардан жауап алынды. Күдікті деп танылған Жангелді Қобыланов әйелді әдейі емес, "абайсызда өлтіріп алдым" дегенді айтты. Алғаш рет сөз алған басты айыпталушы мен онын азаматтық некедегі әйелі Айдана Беренова да бұған дейінгі тергеушілерге берген түсініктемесінен тайқып шықты, - деп хабарлайды КТК арнасы. 


Алматы облысында қатыгездікпен өлтірілген косметолог Батура Мамедованың өліміне қатысты сотта айыпталушылардан жауап алынды. Күдікті деп танылған Жангелді Қобыланов әйелді әдейі емес, "абайсызда өлтіріп алдым" дегенді айтты. Алғаш рет сөз алған басты айыпталушы мен онын азаматтық некедегі әйелі Айдана Беренова да бұған дейінгі тергеушілерге берген түсініктемесінен тайқып шықты, - деп хабарлайды КТК арнасы. 

Сот отырысында айыпталушылардың берген жауаптары өзгеден бұрын өздерін шатастырып жіберді. Айдана Беренова алғашында қылмыстық іске қатысы жоқтығын, марқұмды көрмегенін айтып, басын әбден алып қашты. Десе де, айыптаушының сан сұрағынан жалтарған ол тергеушілерге берген алғашқы түсініктемесінің растығын ақыры мойындады. Ал Жангелді Қобыланов Батураға бірнеше жерінен сұғылған пышақ алысып отырып абайсызда кіріп кетті дейді.

"Айдананы күтемін" - дедім. "Сіз түсіп жүре беріңіз" дедім. Келіскен жоқ. Есігін аштым, түскен жоқ. Ашуланып отырдым да, пышағым болған. Пышақты алдым да, пышаққа таласып отырып, сұғып алдым. Ақша үшін өлтірген жоқпын. Абайсызда болды. Өкінемін", - дейді айыпталушы Жангелді Қобыланов.

Қылмыскер мәйітті бір түн бойы көлігінде сақтаған. Барлық дәлелдің көзін жою үшін қан болған жейдесі мен марқұмның заттарын қоса өртеген. Ал алтын алқаны ақшаға өткізген. Қылмысқа қатысты Батураның туыстары үш баланы жетім қалдырып, аналарын азаптап өлтіргендер "ең ауыр жазаға тартылса" дейді.

"Мен олардың көзінен ешқандай өкініш көріп тұрған жоқпын. Керісінше, ақталып әлек. Ол абайсызда үш рет пышақ тығылып кетті дейді. Шын мәнісінде 8 жерінен жараланған. Мүлдем мүмкін емес нәрсе. Үш баланың анасы, өзіне өлім тілей ме? Ең аз дегенде 18-20 жылға сотталғанын қалаймын", - дейді Б. Мамедованың туысы Гүлімзар Гадирова. 

Алматы облысында мамыр айында із-түссіз жоғалған сұлулық салонының қызметкері Батура Мамедованың денесі үш аптадан соң көрші ауданнан табылған. Оны қатыгездікпен өлтірді деген күдікпен азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар ұсталған.

Айыпталушылар алғашқы берген түсініктемелерінен мүлдем тайқып, өз сөздерінен өзі шатасып отыр. Сөйтіп басты айыпталушы - Жангелді Қобыланов "абайсызда өлтіріп алдым" дегенге көше бастады. Жалпы бұл істің бұлыңғыр тұсы көп. Сондықтан келесі сот отырысында барлық айғақтар қайта қаралмақ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети