13 желтоқсан 2016 11:25

Алматы облысында қытайлық бизнесменді белгісіздер оңдырмай сабап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© caravan.kz © caravan.kz

Алматы облысында Линь Вэйцзи есімді қытайлық бизнесменге 10 желтоқсан күні белгісіз 3 адамның шабуыл жасау оқиғасы тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz аймақтық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматы облысында Линь Вэйцзи есімді қытайлық бизнесменге 10 желтоқсан күні белгісіз 3 адамның шабуыл жасау оқиғасы тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz аймақтық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Линь Вэйцзи Алматы облысындағы ең ірі компаниялардың бірі "Маолин" ЖШС-ын басқарады. 10 желтоқсанда түнгі 2:00 шамасында белгісіз үш адам компанияның жатақханасына қарақшылық жасамақ ниетте кірген. Жүргізушіні соққыға жығып және байлап тастап, мүлікті шығаруға кіріседі. Бірақ осы кезде шу шыққандықтан, екінші қабаттан Ли Вэйцзи төмен түсіп, бетперде киген ер адамды көрген. "Маолин" ЖШС бас директоры қаскөйді тоқтатпақ болған, алайда, қылмыскер оны соққыға жығады да, оған екі сыбайласы қосылған.

Күзетшілердің жақындап қалғанын көрген ұрылар ештеңе алмастан, қашып кеткен. Бизнесменге медициналық жәрдем көрсетілді. Вэйцзи ауыр жарақаттар алған, оның бетіне он шақты тігіс салынды. 

"Бұл дерекке қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-тармағы - "Қарақшылық" бойынша қозғалды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр"- дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети