Алматы облысында қызды өлтіріп, артынша өртеді деген күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында қызды өлтіріп, артынша өртеді деген күдікті ұсталды Видеодан алынған кадр

Алматы облысы Өрнек ауылында қызды өлтірді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Өрнек ауылында қызды өлтірді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде екі тәулік ішінде қылмыс ашылды. Қылмыс жасады деген күдікпен осы ауылдың 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұрын тонау үшін сотты болғаны анықталды, қазір еш жерде жұмыс істемейді. Кінәсін мойындап, қылмыстың қалай жасалғанын айтып берді", - деді Алматы облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары полиция подполковнигі Данияр Меңдебаев.

Қазіргі уақытта ұсталған ер адам  ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Күдіктінің айтуынша, 20 тамызда шамамен сағат 12.00-де ол қызға шабуыл жасап, қылғындырып, артынша оны өртеп жіберген.

Еске салайық, 21 тамызда Алматы облысында 1999 жылғы қыз баланың өлі табылғаны хабарланған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети