Алматы облысында учаскелік полиция инспекторына шабуыл жасаған ер адам құрықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысында учаскелік полиция инспекторына шабуыл жасаған ер адам құрықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Шелек полиция бөлімінде болған. Жергілікті аудандық аурухана өкілдері ішімдік ішкен ер адамның бұзақылық әрекеттер жасап жатқаны туралы хабарласқан. Күдікті медициналық қызметкерлерді балағаттап, олардың қызметтеріне кедергі келтірген.
"Қоңырау қабылданған соң оқиға орнына алғашқы болып учаскелік полиция инспекторы А. Жарылқасынұлы жетіп, бұзақыны тәртіпке шақырған. Полицей оған қоғамдық тәртіпті бұзуды тоқтатып, өзімен бірге полиция бөліміне баруды талап еткен. Алайда, ішімдікке тойып алған Шелек ауылының 39 жастағы тұрғыны тәртіп сақшысының заңды талаптарын орындаудан бас тартып, оған қарсы күш көрсетуге тырысқан", - делінген хабарламада.
Нәтижесінде, тәртіп бұзушы оқиға орнында құрықталды. Билік өкіліне күш қолдану дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!