Алматы облысында Mercedes-Benz жүргізушісі жол бойында есігіне адам қыстырып, сүйреген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысында Mercedes-Benz жүргізушісі жол бойында есігіне адам қыстырып, сүйреген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиа 26 қазанда 18:04-те болан. Оқиа орнында түсірілген видеоны редакцияның WhatsApp +7 777 001 44 99 нөміріне жіберген. Видеодан көліктің қатты жылдамдықпен қозалғанын көруге болады. Ашық тұрған есікке адам қысылып қалған. Бірнеше метр жүрген соң, көлік тоқтап адам жерге құлайды. Авто ары қарай кетіп қалады. Ер адам орнынан тұрып, ақсаңдап артқа қарай жүгіреді. Жақындай келе оның патрульдік полицей екенін аңғаруға болады.
Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері оқиғаның Еңбекшіқазақ ауданында "Алматы-Көкпек-Көктал" тасдолында болғанын айтады. 26 қазанда полицейлер Mercedes-Benz автокөлігін тоқтатқан, оның тізгінінде кәмелетке толмаған бала отырған. Кейін оқиға орнына 52 жастағы автоның иесі келген. Ештеңе түсіндірместен ол көлікке отырып, қашып кетпекші болған.
"Полиция қызметкері оны тоқтатпақшы болған, алайда ол инспекторды 50 метрге сүйреп, патрульдік көлікті қағып, қашып кеткен. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілген. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 379-бабы ("Билік өкіліне бағынбау") іс қозғалған", - деді Алматы облыстық ПД өкілдері.
Авто тәркіленіп, арнайы тұраққа жеткізілді. Кәмелетке толмаған балаға әкімшілік жаза тағайындалады. Облыстық полиция департаменті осы істі бақылауға алған. Зардап шеккен полицей медициналық тексерілуден кейін, қызметін жалғастырды.
Осындай жағдай 11 тамызда Медеу ауданында болған еді.