Алматы облысында пәтер ұрылары ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында пәтер ұрылары ұсталды © instagram/rustam.abdrakhmanov_

Алматы облысында полицейлер жедел іздестіру шаралары нәтижесінде бір топ пәтер ұрысын ұстады. Бұл туралы Алматы облысының Полиция департаменті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында полицейлер жедел іздестіру шаралары нәтижесінде бір топ пәтер ұрысын ұстады. Бұл туралы Алматы облысының Полиция департаменті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмысқа қатысы бар деген күдіктілер 1994, 1995 және 1986 жылы туған. Алматы облысы, Жамбыл ауданының тұрғындары. Алдын ала тергеу барысында олардың 12 осындай қылмысқа қатысы бар екені анықталған.

"Күдіктілерге қатысты "Қамауға алу туралы" бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта күдіктілердің басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Атап өтсек, ұсталған тұлғалар бұрын-соңды сотты болған", - делінген хабарламада.

Алдын ала тергеу ісі Алматы облысы Іле аудандық Полиция басқармасында тергеліп жатыр. Тергеу реті мен нәтижесі Полиция департаментінің бақылауында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети