26 желтоқсан 2015 | 13:44

Алматы облысында перзентхана қызметкерлері 22 сәбиді ақшаға сатып жіберген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "КТК" кадры © "КТК" кадры

Адам саудасымен айналысып, ақша тапқан Алматы облыстық көпсалалы аурухананың бұрынғы қызметкерлері 15 жылға дейін сотталуы мүмкін, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. Мұндағы меңгерушіден бастап, перзентхана мейірбикелеріне дейін, бас-аяғы 10 адам ұзақ жылдар бойы жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан. Тірі тауарды алты мың долларға дейін бағалапты. Тергеу кезінде олардың 22 нәрестені саудаға салғаны анықталып отыр. Енді сол қылмыстық топтың құрамында болған 10 адам мен баланың  заңсыз екенін біле тұра сатып алған ата-аналар да жақында сот алдында жауап бермек. 


Иконка комментария блок соц сети

Адам саудасымен айналысып, ақша тапқан Алматы облыстық көпсалалы аурухананың бұрынғы қызметкерлері 15 жылға дейін сотталуы мүмкін, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. Мұндағы меңгерушіден бастап, перзентхана мейірбикелеріне дейін, бас-аяғы 10 адам ұзақ жылдар бойы жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан. Тірі тауарды алты мың долларға дейін бағалапты. Тергеу кезінде олардың 22 нәрестені саудаға салғаны анықталып отыр. Енді сол қылмыстық топтың құрамында болған 10 адам мен баланың  заңсыз екенін біле тұра сатып алған ата-аналар да жақында сот алдында жауап бермек. 

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, сегіз жылдан бері сәбилерді саудаға салып, қыруар қаржы тапқан қылмыстық топтың іс-әрекеті жақын арада сотқа жолданады. Қырық томды құрайтын тергеу құжаттарына сай перзентхана қызметкерлері тірі тауарларды 150 мың теңге мен алты мың доллар аралығында бағалаған екен. Сөйтіп 22 нәрестені саудаға салған. Енді сотта мемлекеттік айыптаушылар қылмысты дәлелдей алса, перзентхана меңгерушісінен бастап, мейірбикеге дейін 10 қызметкер ұзақ жыл бостандық көрмейді. Тіпті бөтен біреудің баласын заңсыз сатып алған ата-аналар да жазадан оңай құтылмайтын болды. Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, кұзіргі таңда қылмыстық іс прокуратураға тапсырылып, шешім шығару үшін таяуда сотқа жөнелтіледі. "135-баптың нормаларына сәйкес 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделіп отыр. Яғни, сатқан және сатып алған адамдарға. Өйткені олар қасақана біле тұра заңның бұзылғанын біле тұра бұған төтеп бермей сондай керісінше жағдай жасады", - деді Салтанат Әзірбек.

Құзырлы орындардың құрығына іліккен перзентхана қызметкерлері түгелдей жұмыстан қуылды. Бірақ қамауға алынбаған. Барлығы да қолхатпен бостандықта жүр. Осы жағдайдан кейін Алматы облыстық көпсалалы аурухананың басшысы да жылы орнымен қоштасты. Алматы облыстық көпсалалы аурухананың жаңадан тағайындалған бас дәрігері Жұмахан Молдақұлов перзентхана жұмысын жіті бақылауға алыпты. Тіпті күнделікті қадағалауды жеке өзі жүрізіп отырады екен. "Күнделікті қанша түседі, қанша бала туылады, қанша ана босанады оның бәрі қадағалауда. Ол мәселе үлкен бақылауда. Қазіргі таңда ондай жағдайға жол бермеудің барлық амалын істеп қойғанбыз. Байқасаңыздар бөлімшелерге камералар қойылып, басқа да саймандар орнатып қойғанбыз", - дейді дәрігер.

Еске салайық, адам сатып ақша тапқандардың әрекеті осы көктемде әшкере болған еді. Перзентхана қызметкерлері некесіз босанған жас аналарды алдап, өз баласынан бас тартуға итермелеген. Бірақ сәбиінің саудаға түсетінін босанған келіншектердің ешқайсысы білмепті. Сондықтан олар бұл істе тек куәгер ретінде сұралады. Жалпы күдіктілердің саны 35 адамға жуықтайды. "Туа салып тағыр тәлкегіне түскен нәрестелер қазір сатып алған ата-аналарының үйінде тұрып жатыр. Алайда олардың болашағын енді сот орындары шешетін болады. Яғни саудаға салынған 22 сәби алдағы уақытта балалар үйіне тапсырылуы мүмкін", - деп хабарлады тілшілер.

Дереккөз: "КТК" телеарнасы

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети