Алматы облысында полицейлермен жанжалдасқан тұрғындардың видеосы таралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысында полицейлермен жанжалдасқан тұрғындардың видеосы таралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл жағдай 23 шілдеде Панфилов ауданында болған. Видеоға бір топ адамның полицейлерді қоршап тұрғаны түсірілген. Құқық қорғау органдары ер адамды ұстамақ болған, алайда ол қарсылық көрсетті. Осы сәт видеоға түсірілген.
"Қылмыстық іс бойынша тергеу барысында күдіктіні ұстау кезінде 29 жастағы ер адам мен оның бірнеше танысы аудандық полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетті.
Соған қарамастан күдікті мен сол жанжалда болған бір қатысушысы ұсталып полиция бөлімшесіне жеткізілген. Қазіргі уақытта билік өкіліне күш қолдану дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Істі облыстық департамент бақылауға алды. Күдіктілер қамауға алынды", - деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахмет.