15 маусым 2020 | 13:05

Алматы облысында соққыға жығылған зейнеткер арыз жазудан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: gazeta.zp.ua Көрнекі сурет: gazeta.zp.ua

Полиция зейнеткерді ұрып-соқты және тонады деген ақпаратты тергеп жатыр. Желіде зардап шеккен әжейдің фотосы тарады. Өзінің айтуынша, ол құлап қалған соң денесі көгерген. Алайда тергеушілер бұған күдікпен қарап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Полиция зейнеткерді ұрып-соқты және тонады деген ақпаратты тергеп жатыр. Желіде зардап шеккен әжейдің фотосы тарады. Өзінің айтуынша, ол құлап қалған соң денесі көгерген. Алайда тергеушілер бұған күдікпен қарап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұрып-соқты деген ақпарат пен фото Instagram-дағы almaty_kris_p парақшасында шықты. Жазба авторының айтуынша, Алматы облысының Жетіген ауылында ер адам мен әйел зейнеткердің үйіне терезесі арқылы кірген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Вчера 13.06 в ночное время, по адресу: Алматинская область, пос.Жетыген, ул.Советская, 109, двое неизвестных, мужчина и женщина через окно вломились в дом. Бабушка проснулась и пока одевала халат ей нанесли удар голове и избили. Грабители украли из дома денежные средства. После избиения грабители подумали, что бабушка умерла от нанесённых ударов и вывезли ее в поселок Нура. В этом же поселке проезжавшая мимо скорая заметила и отвезла в больницу бабушку. Сейчас бабушка находится в отделении травматологии в больнице ГРЭС.

Публикация от Kris P Almaty|21+?? (@almaty_kris_p)

"Әжей оянып, халатын киіп жатқанда басынан ұрып, соққыға жыққан. Тонаушылар үйден ақша ұрлаған. Соққыдан кейін олар әжейді өлді деп ойлап, Нұра ауылына алып кеткен. Осы ауылда жедел жәрдем көлігіндегілер көріп қалады да, оны ауруханаға алып кетеді. Қазір әже Іле аудандық орталық ауруханасының травматология бөлімшесінде жатыр", - деп жазылған Instagram-да.

Алматы облысы Полиция департаментіндегілер 14 маусымда Іле аудандық орталық ауруханасына 79 жастағы зейнеткердің түскенін растады. Жетіген ауылында тұратын әйел көп жарақат алған.

"Әжейден сұрағанда жалғыз өзі тұратынын және үйде құлап, жарақат алғанын айтты. Бірақ тергеушілер бұған күмәнданып отыр. Сондықтан істің анық-қанығы жіті тексеріледі. Әйел өзінің жақындарын жақтап отырған болуы мүмкін", - деп хабарлады ПД.

Ведомстводағылардың дерегінше, зейнеткер арыз жазудан және сот-медициналық сараптама жасаудан бас тартқан. Алайда бұл факті тексеріліп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети