Алматы облысында спортшының жанжалы видеоға түсірілді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында спортшының жанжалы видеоға түсірілді © polisia.kz

Алматы облысында спортшы 17 жастағы жасөспірімді ұрып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында спортшы 17 жастағы жасөспірімді ұрып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 6 шілдеде болған. Учаскелік полиция пунктіне тұрғын үй кешендері ауласының бірінде төбелес болғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Көрсетілген мекенжайға полицейлер барған. Оқиға орнында жекпе-жек спортымен шұғылданатын 18 жастағы ер адам ұсталды. Ол бұл тұрғын үй кешенінде уақытша пәтер жалдап тұратыны белгілі болды. Оның жанында Түркістан облысынан келген 17 жастағы жасөспірім болған. Оған медициналық көмек қажет болған. Тәртіп сақшылары жәбірленушіге жедел жәрдем шақырып, іс бойынша тергеп-тексеруді бастады.

Полицейлер жастар арасында жанжал болғанын анықтады. Олардың бірі екіншісі туралы әзілдеген, ал екіншісі оның анасына қатысты балағат сөз айтқан. Нәтижесінде жанжал шығып, бірі екіншісін ұрып тастаған. Олардың бірі ауыруханада, ал екіншісі тергеуде. Бұл факт "Бұзақылық" бабы бойынша тіркелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети