Алматы облысында судья кеңсесінде тінту жүргізілді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында судья кеңсесінде тінту жүргізілді Иллюстративное фото: elements.envato.com

Алматы облысы судьяларының бірінің кеңсесінде тінту жүргізілді. Бұл туралы Жоғарғы Сот аппараты басшысының орынбасары Елдос Жұмақсанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы судьяларының бірінің кеңсесінде тінту жүргізілді. Бұл туралы Жоғарғы Сот аппараты басшысының орынбасары Елдос Жұмақсанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, тергеу шаралары 21 желтоқсанда Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот судьясы кеңсесінде жүргізілген.

"Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері Жоғарғы Соттың ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесе отырып, Алматы облысы экономикалық сот судьясының қызметтік кеңсесінде тінту іс-шараларын жүргізді. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды", - деді Жұмақсанов.

"Время" газеті мәліметінше, іс судья Алмагүл Түменбаеваға қатысты. Газет мәліметіне сүйенсек, ол 1,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

"19 желтоқсанда Жоғарғы Соттың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен ішкі қауіпсіздік бөлімі 1,5 миллион теңге көлемінде пара алған Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясын әшкереледі. Бұл ақшаға ол апелляциялық сатыда өз шешімін күшінде қалдыруға көмектесуі керек болған", - деп жазды газет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети