Алматы облысында көлік жүргізушісіне шабуыл жасаған қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысында көлік жүргізушісіне шабуыл жасаған қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Талғар аудандық полициясы 25 жастағы көлік жүргізушісіне шабуыл жасап, өміріне қауіп төндіріп, көлігін алып кетті деген күдікпен 25-30 жас аралығындағы 3 азаматты ұстады.
Оқиға Талғар ауданында болған. 17 желтоқсанда зардап шеккен жігіт Алматы қаласындағы көшелердің бірінен 3 жігітті көлігіне мінгізіп, айтылған жерге жеткізуге келіседі. Күдіктілер Талғар ауданының аумағына жеткенде жүргізушіні қарумен қорқытып, қол-аяғын байлап, көліктің жүксалғышына салған. Кейінірек, Жаңалық ауылының маңында жол бойына тастап кеткен.
"Осы қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау мақсатында Талғар аудандық полициясының жедел-іздестіру тобы құрылды. Іздестіру шаралары барысында аталған көлік табылып, осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 3 азамат ұсталды. Олардың шолақ мылтығы табылып, тәркіленді және қылмыс құралы ретінде іс материалдарына тіркелді", - деді полиция өкілдері.
Сонымен қатар, ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабына сәйкес қарақшылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.