29 қыркүйек 2016 | 12:13

Алматы облысында трансұлттық қылмыстық топтың беделді үш мүшесі қарумен және есірткімен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Алматы облысында трансұлттық қылмыстық топтың беделді үш мүшесі қарумен және есірткімен ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында трансұлттық қылмыстық топтың беделді үш мүшесі қарумен және есірткімен ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2016 жылдың 17 қыркүйегінде сағат 17.00-дер шамасында Алматы облыстық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының барысында Алматы облысының Алакөл ауданы Достық ауылының шеткі аймағында бопсалаушылық, алаяқтық және Қытайдан заңсыз келетін контрабандамен айналысқан трансұлттық қылмыстық топтың беделді үш мүшесін ұстаған. Олардың көлігін тінту барысында "Стриммер" және "ПМ" маркалы 2 травмат тапаншасы, олардың оқтары, тегіс ұңғылы мылтық және полиэтилен пакетке оралған ұнтақ тектес спецификалық иісі бар сіріңкенің екі қорабы табылған, - делінген хабарламада. 

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып  жүру") 287-бабы бойынша айып тағылып отыр. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети