Алматы облысында тұрғын мешіттерде ұрлық жасаған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында тұрғын мешіттерде ұрлық жасаған Фото: polisia.kz

Алматы облысында мешіттерде ұрлық жасаған 25 жастағы ер адам ұсталды. Қазіргі уақытта күдіктінің 16 ұрлыққа қатысы бар екені дәлелденді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында мешіттерде ұрлық жасаған 25 жастағы ер адам ұсталды. Қазіргі уақытта күдіктінің 16 ұрлыққа қатысы бар екені дәлелденді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Талғар ауданының полицейлеріне ақпанның аяғынан бастап Тұздыбастау, Гүлдала, Қызыл Ту және Панфилов ауылдарындағы мешітке келушілерден арыз түсе бастаған. Үнемі бетперде киіп жүретін қылмыскердің әрекеті көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған, делінген хабарламада.

"Күдікті құптан намазының уақытын пайдаланып, келушілердің ақшасын, ұялы телефондарын және бағалы заттарын ұрлап кеткен. Ол мешіт ішінде де, сыртында да әрекет етіп, тұрақтағы көліктерді бұзып ашқан. Ол болат ұшы бар арнайы балғамен көліктердің терезесін сындырған. Ер адам бұрын ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған болып шықты. Ол - Есік қаласының 25 жастағы тұрғыны. Қазір ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да ұрлық әрекеттеріне қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - дейді Талғар аудандық полиция бастығының орынбасары Андрей Бурянский.

Қылмыстық іс материалдарына айғақ ретінде тәркіленген бейнежазбалар, ұрланған телефондар мен қылмыс қаруы тіркелген. Тергеу барысында күдіктіге қатысты "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети